Тағы бір былық: Жас сарбазды мәжбүрлеп жындыханаға жатқызған, ал анасы оның тірі екенін де білмейді

05.07.2025, 09:45
4928
Тағы бір былық: Жас сарбазды мәжбүрлеп жындыханаға жатқызған, ал анасы оның тірі екенін де білмейді Арманжан Арықбайдың туыстары ұсынған

Ана ұлын бір көруге зар боп жүр. Оның әскерге сау кеткен ұлын жындыханаға жатқызып тастаған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының тұрғыны Арманжан Арықбай әскерге дейін көру қабілеті нашар анасына қарап, жалғыз өзі отбасын асырап келген. Алайда 12 маусым күні оны еш ескертусіз әскерге әкетіп, артынан психиатриялық ауруханаға жатқызған. Бұл туралы Арманжанның анасы Фарида Қажымұратова Orda.kz сайтына айтып берді.

Сауда орталығының маңынан күштеп алып кеткен

Фарида Қажымұратованың айтуынша, ұлын 12 маусымда сауда орталығының жанынан әскери адамдар күшпен алып кеткен. Алдымен оны Қонаев қаласындағы әскери комиссариатқа апарып, екі күн ұстаған. Содан кейін Жамбыл облысындағы №5513 әскери бөлімге жөнелткен.

— 15 маусым күні Таразға пойызбен жеткен кезде сарбаздар сапқа тұрып жатқан еді. Сол сәтте балам есінен танып қалды. Үш күн сол жерде ұстап, кейін 21 маусымда оны Алматы қаласындағы Ұлттық ұланның әскери бөлімшесіне ауыстырды, — дейді Фарида Қажымұратова.

«Сіздің балаңыз психиатриялық орталыққа түсті»

Алматыға жеткен соң Арманжан анасына бір рет кездесуге келіп үлгерген. Сол жолы ол Қонаевта өзін «Әлішер» есімді әскери қызметкер ұрып-соққанын айтқан. Анасы дереу дәрігерлерге жүгінгенімен, олар баланың жағдайын ауыр емес деп сипаттаған. Кейіннен оған «миында ісік бар» деген күмән пайда болған.

— 3 шілде күні лазаретке барып, ұлымды көрмек болдым. Бірақ маған: «Ол басқа жерде тексеруде жүр» деп айтты. Үш сағат күттім. Сосын бір дәрігер: «Сіздің балаңызды психиатриялық орталыққа жатқыздық» деп салды. Бұл туралы маған алдын ала ешкім айтпады, рұқсатымды да сұрамады! — дейді Фарида ханым.

Ол ұлын көру үшін ауруханаға барғанда, жұмыс уақыты аяқталды деп ішке кіргізбеген. Басшылықпен сөйлесуге де мүмкіндік бермеген. Ең қиыны — Фарида Қажымұратова II топтағы көру мүгедектігі бар, әрең қозғалады.

— Маған жүру де қиын. Бірақ баламды табу үшін бәріне төзуге дайынмын, — дейді ол.

Ұлттық ұлан не дейді?

Orda.kz жолдаған ресми сауалға жауап берген Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мынадай түсініктеме берген:

«17 маусымда №5513 әскери бөлімінде оқудан өтіп жатқан сарбаздың ұстамасы ұстап қалған. Ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Өз айтуынша, әскерге дейін басынан жарақат алған, кейде сондай ұстамалар болып тұратын. Қазір ол Алматыдағы Республикалық психикалық денсаулық орталығында толық тексеруден өтіп жатыр. Жағдайы – қанағаттанарлық, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде»,— деп жауап берді мекеме.

Алайда анасы бұл мәлімдемемен келіспейді. Оның айтуынша, ұлы әскерге дейін дені сау болған, ешқашан психикалық диспансерде тіркеуде тұрмаған және отбасын өзі асырап келген.

— Баламды үндемей алып кетті. Енді еш рұқсатсыз психиатриялық ауруханаға жатқызып, оның аман екенін көруге де мүмкіндік бермей отыр. Мен тек бір-ақ нәрсе сұраймын: ол тірі ме, аман ба – соны білгім келеді, — дейді Фарида Қажымұратова.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды