SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, эстрада жұлдыздары Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалиева тағы бір мәрте ата-ана атануға дайындалып жатыр. Бұл жаңалықты әнші өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
"Жаратқанның ерекше сыйы. Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, сіздерге де жұғысты болсын. Айтпақшы, көпбалалы әке ретінде мемлекет қандай жеңілдіктер береді? Қоғамдық көлікке тегін міну, жәрдемақы деген сияқты", — деп жазды Айқын.
Алайда әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл сұрағына екіұшты пікір білдірді. Көпшілігі Айқынның балалары бірнеше әйелден екенін алға тартып, көпбалалы әке мәртебесіне лайық емес деген пікірде.
"Бес баланың бәрі бір әйелден болса, ол — нағыз көпбалалы әке", "Әр жерден ұрпақ шашқанға қандай жеңілдік?", "Көпбалалы әкеге түк те жоқ. Тіпті жолақыға да лайық емессің", — деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, Айқынның бірінші некесінен екі баласы бар. Кейінірек Жұлдыз Өмірғалиевамен отбасын құрып, тағы екі бала сүйген.
RUS