913

Бішкектегі белдесуде балуан арулар жарқырады!

Азия чемпионатында қазақстандық қыздар керемет нәтижемен көзге түсті.

Бішкектегі белдесуде балуан арулар жарқырады!
aikyn.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,Қырғызстанның астанасы Бішкекте жасөспірімдер арасында күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық қыздар керемет нәтижемен көзге түсті.

Жарыстың кезекті күнінде 15 жасқа дейінгі қыздар арасында белдесулер өтті. Қазақстан намысын қорғаған 10 балуанның үшеуі ел қоржынына медаль салды.

58 келі салмақта бозкілемге шыққан Арина Қуанышова финалға дейін жетіп, күміс жүлдені еншіледі. Ал 42 келідегі Раян Жамсапқызы мен 66 келідегі Әсемай Бурахан қола медаль жеңіп алды.

Жүлдесіз қалғандар әлі де белдесуге шығады. Қазақстан құрамасының өзге спортшылары алдағы күндері бозкілемге шығып, ел қоржынына жаңа медальдар қосуға күш салуда.