Қазақстанда туған: Ресейде мемлекетке опасыздық жасады деп таныды
Ақмоланың Шортанды ауылында туған Пётр Горбунов Ресейде ауыр айыптармен 17 жылға сотталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша Белгород облысында ұсталған Петр Горбунов Ресей Федерациясына опасыздық жасады, террористік ұйымның әрекетіне қатысып, жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны үшін айыпты деп танылды. Бұл туралы ТАСС ақпараттық порталы.
Ресей Федерациясының 2-Батыс округтік әскери соты оны 17 жылға бас бостандығынан айырып, қосымша 600 мың рубль айыппұл салды.
Тергеу мәліметінше, Горбунов орман ішіндегі жасырын қоймадан жарылғыш құрылғыларды алып, үйінде сақтаған. Оларды террорлық шабуыл жасау мақсатында белгісіз біреуге тапсыруы тиіс болған. Бірақ дер кезінде қолға түсіп, жарылғыштар залалсыздандырылды.