690

Алматыда пойыз екі адамды қағып кетті

Полицейлер елге үндеу жасады.

Алматыда пойыз екі адамды қағып кетті
көрнекі сурет / әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жыл басынан бері еліміздің темір жолдарында 39 адам жарақат алды, олардың арасында балалар да бар. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Оңдасын Аштаев хабарлады.

Аштаевтың айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар көбіне азаматтардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынанболады.

«Жуырда Алматыда пойыз екі адамды қағып кетті. Қайғылы жағдай белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтуге әрекет жасаған сәтте болған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл — теміржол маңында сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескерткен нақты мысал», – деді ол.

Оның сөзінше, 39 оқиғаның жартысынан көбі адам өлімімен аяқталған. Қайтыс болғандардың арасында кәмелетке толмағандар мен кішкентай балалар да бар.

Полиция темір жол маңындағы келеңсіз жағдайлар жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне, жүк тасымалына және жалпы қозғалысқа қауіп төндіретінін ескертті.

Материал авторы