1137

Әлем жұлдызы Джастин Биберді Маңғыстаудың табиғаты қызықтырып жүр (ФОТО)

Ол Маңғыстау даласындағы Боқты тауына ғашық боп қалды.

Әлем жұлдызы Джастин Биберді Маңғыстаудың табиғаты қызықтырып жүр (ФОТО)
instagram.com/danielkordan, Evan Agostini / Invision

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемдік жұлдыз Джастин Бибер Instagram-дағы Stories-інде Маңғыстау облысындағы ерекше табиғи нысан — Боқты тауының суреттерін жариялап, қазақстандықтарды таңғалдырды.

Әнші әйгілі @earthbestshots парақшасының фотосуреттерін өз парақшасына бөліскен. Кадрларда Устюрт жазығындағы танымал "Тирамису" атауымен белгілі Боқты тауы бейнеленген. Суреттердің авторы — әлемге танымал фотограф Даниэль Кордан (@danielkordan).

165 метрлік биіктіктегі Боқты тауы күннің шығуы мен бату кезінде ерекше әсер қалдырады: таудың қабатталған беткейлері алтын түске боялып, нағыз шедеврге айналған.

Бибердің бұл қадамы Маңғыстау табиғатына деген халықаралық қызығушылықты оятып, жергілікті тұрғындардың мақтанышына айналды. Әлеуметтік желі қолданушылары мұны "нағыз жарнама" деп бағалап, өңірге туристер легі арта түсетінін айтып жатыр.

"Бибер біздің табиғатты көрсетті дегенге сенбей тұрмын!" – деп жазды Instagram қолданушысы @dosmukhambetoova.

  Сурет: Lada.kz

Материал авторы