SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жұлдыз Әбдікәрімова – актриса, блогер және Қайрат Нұртастың жұбайы – өзінің жүкті екенін қуана хабарлап, әлеуметтік желіде жеке өміріндегі сәттерімен бөлісіп жүр. Алайда жағымды тілектермен қатар, Instagram-дағы парақшасына ауыр, тіпті қорлайтын пікірлер де келіп түсіп жатыр.
Жұлдыз жаңа жазбасында өзінің директіне келген нақты хейтерлік пікірлердің скриншотын жариялады.
Онда кейбір желі қолданушылары оның сырт келбетіне бола ауыр сөздер айтып, аяусыз сынаған:
«Жүкті болғаннан кейін бірден қартаң көрініп кеттіңіз», «Бетіңіз боп-боз, билирубин дұрыс па өзі?», «Көз асты көгеріп кеткен. Жіп тарттырдыңыз ба?», «Шашыңыз өсіп кетіпті, стилистке бармағалы көп болды ма?», «Сізге қазір ешбір образ жараспайды. Не боп кеттіңіз?»
Дегенмен Жұлдызды қолдағандар саны әлдеқайда басым. Әрбір теріс пікірдің астында ондаған жылы лебіздер мен тілектер жазылған.
«Сізге жүктілік керемет жарасады. Алла аман-есен босануды нәсіп етсін», «Бояусыз да сұлусыңыз», «Нағыз жұлдыз! Ішкі жарығыңыз сыртыңыздан көрініп тұр», «Төрт баладан кейін де осындай мүсінді сақтау – керемет», «Сіз жас қыздардан да жас көрінесіз», – деп жазды жанкүйерлері.
Кейбірі еске салды:
«Ішкі үйлесім – сырт келбеттен де анық көрінеді».
Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жолы ешкіммен дауласқан жоқ, ешкімді сөккен де жоқ. Тек пікірлердің скриншотын салып, жұрттың өзі ойлануына мүмкіндік қалдырды.


RUS