414

15 шілдедегі ауа райы: найзағай мен аптап ыстық

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

15 шілдедегі ауа райы: найзағай мен аптап ыстық
Pixabay

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстікте аптап ыстық сақталады. Кей өңірлерде жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түседі, – деп хабарлайды «Қазгидромет».

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ыстыққа байланысты дауылды ескерту жариялады. Күннің аптап ыстығына байланысты өрт қаупі өте жоғары деңгейде:

Түркістан облысында ауа температурасы +46°C-қа дейін көтеріледі.

Қызылорда облысында+45°C,

Атырау мен Маңғыстауда+44°C,

Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Жетісу және тағы басқа облыстарда – +42°C.

Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ, күшті жел мен өткінші жауын күтіледі.

Ал ірі қалалардағы ауа райы:

Астана:
Күндіз +23…25°C, найзағайлы жаңбыр.
Түнде +13…15°C, құрғақ.
Жел – 9–14 м/с.

Алматы:
Күндіз +32…34°C, аздаған жаңбыр, найзағай.
Түнде +23…25°C, жауынсыз.
Жел – 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкент:
Күндіз +35…37°C,
Түнде +20…22°C, құрғақ.
Жел – 5–10 м/с.

Материал авторы