19 шілдедегі ауа райы: бұршақ пен аптап ыстық

19.07.2025, 09:05
922
19 шілдедегі ауа райы: бұршақ пен аптап ыстық depositphotos.com

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы 19 шілдеде еліміздің бірқатар облыстарында қолайсыз ауа райы болжанып отыр. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың көптеген аймақтарында найзағай, бұршақ, дауыл, қатты жел, өрт қаупі және аптап ыстық күтіледі.

Атырау облысында шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін. Күндізгі температура 35-39°С-қа дейін көтеріліп, облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында таулы аудандарда найзағай соғады. Желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Алматы қаласында 19-21 шілде аралығында 35-38°С қатты ыстық болады.

Қарағанды облысында бұршақ аралас жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел бағытын өзгертіп, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде 36°С ыстық күтіліп, кей аумақтарда өрт қаупі жоғары болады.

Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарында да найзағай, бұршақ, дауыл, қатты жел және аптап ыстық байқалады. Кейбір өңірлерде күндіз ауа температурасы 40-43°С-қа дейін жетуі мүмкін.

Астана, Шымкент, Түркістан, Тараз, Ақтау, Өскемен, Көкшетау, Павлодар және Семей қалаларында да ауа райы тұрақсыз болады. Желдің екпіні 20 м/с-тан асып, найзағай мен бұршақ күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Өрт қаупінің жоғары болуына байланысты, ашық алаңда от жағудан, орманда серуендеуден аулақ болу ұсынылады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды