21 шілдедегі ауа райы: 41º аптап ыстық пен өрт қаупі жоғары

21.07.2025, 09:00
304
21 шілдедегі ауа райы: 41º аптап ыстық пен өрт қаупі жоғары Aflo Images / アフロ

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 21 шілдеде еліміздің бірнеше облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты Қазгидромет дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәулікте аптап ыстық, найзағай, шаңды дауыл және күшейген жел болады.

Атырау облысында 35–39 градус аптап ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Кей өңірлерде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өрт қаупі – төтенше деңгейде.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады деп болжанып отыр. Аптап ыстық 38-40 градусқа дейін жетеді, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, Талдықорған қаласында күн 35 градусқа дейін ысиды.

Түркістан облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі. Шаңды дауылмен қатар, жел екпіні таулы аудандар мен облыс орталығында 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен батысында күн 35–38 градусқа дейін ысиды. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде болады.

Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай болады деп күтілуде. Қонаев қаласында күн 35–37 градусқа дейін ысып, өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел екпіні 20 м/с-қа жетуі мүмкін. Оңтүстікте 35 градусқа дейін ыстық болады. Облыс аумағында өрт қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында таулы аймақтарда найзағай ойнап, қатты жел соғуы мүмкін. Түнде тұман түсуі ықтимал.

Ақмола облысында найзағай күтіледі. Кей аудандарда бұршақ жаууы мүмкін, ал жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Күн күрт ысиды.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болжануда. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ауа райы негізінен ыстық болады.

Қарағанды облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні – 15-20 м/с. Аптап ыстық сақталады.

Ұлытау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ыстық ауа райы күтіледі.

Жамбыл облысында жаңбырлы найзағай болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күннің ыстығы сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнгі уақытта тұман түсуі мүмкін. Найзағай мен желдің күшеюі – 15-20 м/с шамасында.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпауға, ашық далада жүрмеуге, суық су ішуден, күн астында ұзақ болудан сақтануға кеңес береді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады