2710

Алматылық ер адам жазықсыз адамды қатыгездікпен ұстап, полицияға беріп жіберген

Ер адам күдіктіні зорлықшы деп ойлап, аяусыз ұрған.

Алматылық ер адам жазықсыз адамды қатыгездікпен ұстап, полицияға беріп жіберген
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде жасөспірім қызға тиіспек болды деген күдікпен ер адамды ұстап, оны ұрып-соққан видеожазба тарады. Алайда кейін полицейлер бұл күдіктің негізсіз екенін растады.

Полицияның мәліметінше, оқиға биыл наурызда болған. Қызметтен тыс жүрген алматылық азамат көшеде күдік тудырған адамды өзі «ұстап», полицейлер келгенше оны ұрып-соғады. Видео авторы ер адамды күштеп жерге жығып, қолын қайырып, полицияға тапсырады.

Алайда тергеу нәтижесі бойынша, ұсталған азаматтың ешқандай заңбұзушылық жасамағаны анықталды.

«Қалалық полиция департаменті бұл жағдайға байланысты барлық тараптың қатысуымен тексеру жүргізді. Жасөспірімге қатысты ешқандай қылмыс жасалмағаны белгілі болды. Алматы қаласының полициясы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген ақпаратқа шұғыл әрекет ететінін және мұндай жайттардың назардан тыс қалмайтынын ескертеді», – делінген департаменттің ресми түсініктемесінде.

Материал авторы