«Мойнынан сүйіп, денесінен ұстаған»: Астанада ер адам 2 және 12 жасар екі қызға тиіскен
Балалар дүкеннен келе жатқанда қаскөйдің шабуылына тап болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада белгісіз ер адам 12 және 2 жастағы екі қызға тиіскен. Оқиға балалар дүкеннен қайтып келе жатқанда, олардың үйінің маңында болған, деп жазды «Криминальный Казахстан».
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас күйде болған. Ол балаларға жақындап, мойнынан сүйіп, денесіне қол жүгірткен. 12 жастағы қыз қарсылық білдіргенде, ер адам оны жерге құлатқан.

Абырой болғанда, қыздар қашып үлгеріп, подъезге жеткен. Сол жерде тұрғындардың бірі күдіктіні ұстап, полиция келгенше оны бақылауда ұстаған.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Материал авторы