Тиктокта жұлдыз атанған Ақмоншақ Нұртаза мектеп директорлығынан кетті

Азиз Қалижан Редактор
23.07.2025, 13:57
13766
Тиктокта жұлдыз атанған Ақмоншақ Нұртаза мектеп директорлығынан кетті жеке парақшасынан

Астанадағы мектеп-гимназияны басқарушы ерекше бейнежазбаларымен танымал болған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде кеңінен танылған Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кететінін жариялады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

«Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі», – деп қысқа ғана жазба қалдырған.

Ақмоншақ Нұртаза бұған дейін 11-сынып түлектерімен бірге Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне арналған TikTok челленжге қатысып, желі қолданушыларының назарын аударған еді. Оның түсірген видеосы 3,1 миллион қаралым жинап, челленж жеңімпазы атанып, Димаштың Лондондағы концертіне билет жеңіп алған болатын.

Мектеп директоры әлеуметтік желілерде белсенділігімен ерекшеленіп, оқушыларымен түрлі бейнероликтер түсіріп, жарнамалық контентке де араласып жүрді. Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларымен «Директормен шай» атты бейресми жоба бастаған.

Алайда оның мұндай белсенділігі жұрт арасында түрлі пікір тудырды. Бірі оны «заманға сай, ашық, жаңашыл басшы» деп мақтаса, енді бірі «директор өз қызметіне лайықты салмақпен қарауы керек еді» деген сын айтты.

Ақмоншақ Нұртазаның мектептен және әлеуметтік желіден бір мезетте кетуі – оның бұл пікірлерге берген жауабы ма, әлде басқа себеп бар ма – әзірге белгісіз.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)