Астаналық танымал мектеп директоры қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді

Азиз Қалижан Редактор
26.07.2025, 09:47
1846
Астаналық танымал мектеп директоры қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді бейнежазбадан

Ол әлеуметтік желідегі парақшаларын да жүргізбейтінін жеткізген еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде белсенділігімен және тренд видеоларымен танылған елордалық мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кетуінің себебін түсіндірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Нұртазаның айтуынша, жұмыстан кетуге жеке ішкі себептер әсер еткен. Ол тынығуға және болашаққа қадамды нық басу үшін үзіліс алуды жөн көргенін айтты.

«Бұл жолы мен басқаша келдім... Үзіліс керек болды. Ішкі тыныштық, ой елегінен өткізу, алға қадамды нық басу үшін. Сол уақытта мен сіздердің қолдауларыңызды шын сездім. Күттіңіздер. Жаздыңыздар. Сендіңіздер. Бұл жай парақша емес екенін тағы бір рет түсіндім», – деп жазды ол.

Ақмоншақ Нұртаза өз миссиясының ұстаздарды қолдау, оқушылар мен ата-аналармен шынайы байланыс орнату екенін атап өтті.

«Қазір жаңа бір жолдың алдында тұрғанымды анық сеземін. Мүмкін, бұл парақшада жақында бір жаңалық болады… Бірақ менің жүрегім, көзқарасым, мақсатым – сол күйі», – деді бұрынғы мектеп директоры.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді