Қарағандылық оқушылар жүрек ауруын емдеуге арналған құрылғы ойлап тапты

27.03.2023, 09:46
642
Қарағандылық оқушылар жүрек ауруын емдеуге арналған құрылғы ойлап тапты

Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков жүрек ауруымен ауыратын адамдар үшін арнайы құрылғы әзірледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Имплантталатын кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі» жобасы Астанада өткен байқауда I орын алды. Жұмысты сәтті қорғағаны үшін Алдияр Нақыпқа Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранты берілді.

«Біздің құрылғы тері астына имплантацияланады, ал электродтар қан тамырлары арқылы жүрекке орнатылады. Құрылғы аурудың түрін бірден анықтайды және арнайы электрлік импульстарды жібереді. Бұл импульстар жүрек бұлшықеттеріне әсер етеді, олардың жұмысын тежейді немесе тездетеді», - деді ол.

Кардиостимуляция және дефибрилляция жүйесі тахикардияны, брадикардияны және қарыншалар фибрилляциясын емдеуге көмектеседі.

Оқушы аталған жобаны Назарбаев зияткерлік мектептерінің Наурыз кездесулерінде таныстырды. Биылғы жылы биомедицина, инженерия және технологиялар байқауына 6 секцияда 100-ге жуық жоба қатысқан. Қарағандылық оқушылардың жұмысы «Ақылды» протездер мен олардың элементтерін жасау» санатында үздік деп танылды.

Ал, Қарағанды NIS-тің тағы бір оқушысы Ұлан Мұстафин «Адам ағзасының функционалдық жай-күйін мониторингілеуге арналған аппараттық-бағдарламалық құралдар» секциясында 3-орынды иеленді.

Наурыз кездесулерінде қарағандылық оқушылар бес жобаны ұсынды. Олардың арасында «Аяқ-қолдары әртүрлі адамдарға арналған роботталған табан», «Сіңдіру әдісімен біріктірілген дәрілік гидрогель», «Бүкірлікпен күресуге арналған Postrue құрылғысы және мобильді қосымшасы» бар.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады