«Әртіс суретке түсуге міндетті емес»: Баян Мақсатқызы әнші Жұбаныш Жексенұлын қолдады

Азиз Қалижан Редактор
28.07.2025, 14:30
360
«Әртіс суретке түсуге міндетті емес»: Баян Мақсатқызы әнші Жұбаныш Жексенұлын қолдады жеке парақшасынан

Жұбаныш та мүмкін шаршаған шығар дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер Баян Алагөзова (Мақсатқызы) Астанадағы әуежайда әйелге балағат сөздер айтқаны үшін сынға ұшыраған әнші Жұбаныш Жексенұлына қолдау білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялаған видеоүндеуде айтты.

Продюсердің айтуынша, Жұбаныштың әрекетінен бұрын, оны рұқсатсыз видеоға түсірген адам жауапқа тартылуы тиіс еді.

«Мен барлық әртістер мен танымал адамдардың атынан айтқым келеді. Адамдар қоғамдық орында біреудің жеке кеңістігін бұзып, оны рұқсатсыз түсіруге құқығы жоқ екенін түсінбейді. Өйткені ол да сіз бен біз секілді адам», – деді Алагөзова.

Ол гастрольмен жүретін өнер адамдарын түсіну керектігін, ұйқысыз түндер мен ұзақ жолдардан кейін әртістің көңіл күйі болмауы қалыпты жағдай екенін алға тартты.

«Мысалы, адам жай ғана отырып тамақ ішіп жатса, балаларымен сөйлесіп отырса немесе көңіл күйі болмаса, оған камераны тақап түсіру дұрыс емес. Жұбаныш та мүмкін шаршаған шығар. Мұндай реакция кез келген адамда болуы мүмкін. Бірақ ол әртіс болған соң, бәрі дүрлігеді. Ал негізі әртіс әрдайым суретке түсуге міндетті емес», – деді ол.

Баян Мақсатқызы сонымен қатар желі қолданушыларының реакциясына да шүйлікті.

«Біз Жұбаныштың басынан не өткенін нақты білмейміз. Бірақ біреу келіп, камерасын қосып, селфи жасайық десе, адам ашулануы мүмкін. Қазір біреудің басына қиындық түссе, көпшілік соған мәз болып, жамандай жөнеледі. Бұл – қоғамда қалыптасқан жаман әдет», – деп түйіндеді ол.

Баян Алагөзова екі тарап та жағдайға түсіністікпен қарап, жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты.

Димаштың әні алғаш рет Radio Disney эфирінде шырқалды Kaspi Travel қолданушысына ұшу күнін қате көрсеткені үшін 24 млн теңге айыппұл салынған (ВИДЕО) Трамп: «Мен болмасам, әлемде алты ірі соғыс жүріп жатар еді» Алматы облысында 13 жастағы қызды дәрі беріп зорлаған Қазақ футболшысы түркиялық Бешікташ клубынан кетті Ресейдегі ең ірі әуе компаниясына хакерлік шабуыл жасалып, 50-ге жуық рейс тоқтап қалған Атырауда терезесін қараңғылағандар жазаланып жатыр «Жұмбақ»: Кремль Путиннің күн тәртібінде телефонмен байланысы туралы мәлімдеме жасады Шуда мектеп «завучы» ауылдастарын тонаған «Әртіс суретке түсуге міндетті емес»: Баян Мақсатқызы әнші Жұбаныш Жексенұлын қолдады «Пышақпен қорқытып, зорлағанын видеоға түсірді»: Астанада студент қызды қатарласы бірнеше ай бойы зорлап келген Астанада жүкті әйел дәрігерді 2 сағат күтіп, баласынан айырылып қалды (ВИДЕО) Трамп Путинге Украинаның бір бөлігін «табаққа салып» ұсынып отыр – Австрия СІМ басшысы күтпеген мәлімдеме жасады NIS ауыл мектептерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды «Көк жигули» мен «18 бен 25» әндерінің авторы Англияда құлпынай теріп жүр Ақтауда жалаңаш ер адам балалардың бөлмесіне кіріп кеткен (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатына ұшырады: Екі адам қаза тапты Автобуста ерекше баланы «Ақымақ!» деп балағаттаған әйелге қатысты арнайы комитет пікір білдірді 28 шілдеге арналған ескерту ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды