3580

500 келі салмақпен танымал болған әйел көз жұмды

Әлемдегі ең семіз әйел ретінде танылған Майра бақиға аттанды.

500 келі салмақпен танымал болған әйел көз жұмды
alldaily.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемдегі ең семіз әйел ретінде танылған, кейін 500 келіден астам салмақ тастаған Майра Розалес 43 жасында өмірден өтті. Бұл туралы StarHit және Hibiny басылымдары мәлімдеді.

Майраның ақпан айында қайтыс болғаны белгілі болды, алайда бұл ақпарат тек шілде айының соңында ғана жұртқа жетті. Қайтыс болу себебі нақты айтылмағанымен, оның ұзақ уақыт ауыр дертпен күрескені хабарланды.

Бұрын Майраның салмағы 500 келіге жуық болған. Ол төсекке таңылып, өздігінен қозғала алмай қалған. Газдалған сусындар, тәттілер мен фастфуд – оның күнделікті рационының негізін құраған.

Майраның өміріндегі басты бетбұрыс 2008 жылы болды. Сол кезде оның әпкесі туған ұлын соққыға жығып, бала қайтыс болған. Майра бұл оқиғаның куәгері болғанымен, өз салмағына байланысты орнынан тұрып араша түсе алмаған. Бұл жағдай оны терең күйзеліске түсіріп, өмір салтын түбегейлі өзгертуге итермеледі.

Майраны үйінен алып шығу үшін құтқарушылар құрылыс кранын пайдаланған. Кейін ол бірқатар ауыр хирургиялық операциялардан өтті: асқазанын кішірейту, липосакция және тері артықтарын алып тастау сынды 11 ота жасалған. Нәтижесінде ол 400 келіден артық салмақ тастады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор