SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық актриса Альмира Тұрсын уақытша елден шығып, демалысын Вьетнамда өткізіп жатыр. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлаған.
34 жастағы актриса тропикалық жағажайда түскен суреттерін жариялап, ел аумағынан тыс жүргенін мәлім етті.
«Демалыстық көңіл-күй жалғасып жатыр! Вьетнамға үшінші рет келіп отырмын. Мұнда бәрі әдемі әрі тыныш. Маған климаты, теңізі, мейірімді халқы, сервисі мен баға-сапа арақатынасы ұнайды», – деп жазды Тұрсын 1 тамыздағы жазбасында.
Желі қолданушылары актрисаның табиғи сұлулығына тәнті болып, пікірлерін жаудырды:
«Томирис өте әдемі», «Нағыз табиғи сұлулық», «Әйелдің табиғи қалпы – нағыз сұлулық» деген пікірлер қалдырған.
Альмира Тұрсын көпшілікке әйгілі режиссер Ақан Сатаев түсірген «Томирис» тарихи драмасындағы басты рөлі арқылы танымал болған.