Алматыда ер адам бойжеткенге ақшаға интим қатынас ұсынған (ВИДЕО)
Ер адам қызға «Аппетитті ашады екенсің» деп, артынша ұсыныс тастаған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жас қыз жұмыстан қайтып келе жатқан жолда бейтаныс ер адамның әдепсіз әрекетіне тап болды. Оқиға бейнежазбаға түсіріліп, әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция тексеру бастады.
Бойжеткеннің айтуынша, белгісіз ер адам көшеде жолын бөгеп, әуелі «қызым, бір минутыңды бөлші» және «қарындасым, өтінемін» деп сөйлеген. Алғашында ол көмек сұрайды деп ойлаған қыз, кейін оның: «аппетитті ашады екенсің» дегенін естіген. Артынша ер адам ашық түрде ақшаға жыныстық қатынас ұсынған.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатқанын хабарлады.
«Жергілікті полиция қызметінің мамандары мән-жайды анықтап жатыр. Болған жайтқа құқықтық баға беріліп, заң аясында шара қолданылады. Мұндай деректер назардан тыс қалмайды», – деп мәлімдеді ведомство.
Материал авторы