618

«Жаңа тынысым»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелді

Актриса қуанышты жаңалығын жеткізді.

«Жаңа тынысым»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса әрі кинопродюсер Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын өмірге әкелді. Қуанышты хабарды ол Instagram парақшасында жариялады.

 

Жақында ғана Әбдікәрімова отбасы мүшелерімен бірге гендер-пати ұйымдастырған болатын. Актриса көп күттірмей жақсы жаңалығын бөлісіп, «Жаңа тынысым» деген жазба қалдырды.

Желі қолданушылары бұл жазбадан-ақ актрисаның сәби сүйгенін түсініп, пікірлерін ақжарма тілектерге толтырды. Әріптестері мен қоғам қайраткерлері де жылы лебіздерін жаудырып, нәрестеге ұзақ ғұмыр, сәбидің аман-есен өсуін тіледі.

Әлеуметтік желіде оқырмандар «бесінші баласын дүниеге әкелу – үлкен ерлік» деп, Жұлдыздың аналық мейірімі мен сабырлы болмысына ерекше құрмет білдірді.

Айта кетейік, сәби әкесі – әнші Қайрат Нұртас жуырда өткен гендер-патиға қатыспағанын әзіл-шыны аралас жеткізген еді.

«Жұмыста жүріп, түнделетіп қайттым. Мен жоқта шырақтар жанып, қызық болыпты. Кейін ғана байқадым», – деп жазған болатын ол.

 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор