Роналду Джорджинамен некеге тұрар алдында келісімшартқа қол қойды
Әйелі өзіне ай сайын 114 мың доллар беруді талап етті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемге әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеспен неке келісімшартына қол қойды.
Келісімшарт 10 жылға созылған қарым-қатынастан кейін жасалған. Құжатта ажырасқан жағдайда Джорджинаға төленетін қомақты төлемдер мен артықшылықтар қарастырылған.
Шарттың негізгі тармақтары:
Әйеліне арналған ай сайынғы төлем – 114 мың доллар;
5,6 млн долларға дейінгі жылжымайтын мүлікті иелену құқығы;
Зейнетақы төлемі – айына 110 мың доллар;
Баланы асырауға – айына 500 мың доллар;
Қосымша бонустар – жылына 2 млн доллар, екі люкс автокөлік және авиарейстерде ұшу мүмкіндігі;
Ажырасқан жағдайда біржолғы төлем – 50 млн доллар.
Forbes дерегінше, Роналдудың байлығы шамамен 671 млн доллар. Сарапшылардың айтуынша, осындай ауқымды келісім футболшыға өз активтерін қорғап қана қоймай, қажет болған жағдайда Джорджина мен балаларға жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Материал авторы