4285

Астанада 6 жастағы баланың қызды пышақпен қорқытқан сәті видеоға түсіп қалды

Қасында тұрған өзге балалар оны сабырға шақырған.

Астанада 6 жастағы баланың қызды пышақпен қорқытқан сәті видеоға түсіп қалды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Астанадағы балалар алаңында түсірілген видео тарады. Кадрларда 6 жастағы баланың қолында асүй пышағы бар, ол оны үлкенірек қызға қарай бағыттап тұрғаны байқалады.

Оқиға балалар алаңында болған. Бала қызбен футбол ойнаған кезде дау туғанын айтып, ашуланғанын жеткізеді. Қасында тұрған өзге балалар оны сабырға шақырып, пышақты қоюын сұрайды.

Видео соңында балалардың бірі түсіріп жатқанын байқап, «түсіруді тоқтат!» деп камераны жабуға тырысады.

Оқиғаға байланысты Астана қаласы полиция департаменті түсініктеме берді.

«Аталған жағдай бойынша 6 жасар баламен заңды өкілдерінің қатысуымен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Мұндай фактілерге жол бермеу, қауіпсіздік шараларын сақтау және қоғамдық тәртіпті ұстану керектігі ескертілді. Сонымен қатар баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндетін орындамағаны үшін заңды өкіліне әкімшілік жаза қолданылды», – делінген полиция хабарламасында.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор