7159

«Аш студентті» тамақтандырған әйелдің несиесін жомарт жандар жауып берді

Өзімнің де балам студент дейді келіншек.

«Аш студентті» тамақтандырған әйелдің несиесін жомарт жандар жауып берді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық блогер Алмасбек Батыр жасаған әлеуметтік эксперимент ел тұрғындарын толқытты.

Ол «аш студенттің» рөлін сомдап, бауырсақ сатып отырған әйелге барып, тегін тамақ беруін өтінген. Әйел еш ойланбастан жарты пакет бауырсақ салып беріп, ақы алмайды.

Кейін ұйымдастырушылар неге бұлай істегенін сұрағанда, ол қарапайым ғана жауап берді:

«Менің де студент балам бар. Егер ол аш қалса, оған да біреу көмектессе деймін», – деді сатушы.

Осы қайырымды қылығы үшін блогер оның ай сайынғы 247 мың теңгелік несиесін төлеп беруді ұсынды. Бірақ әйел бұл көмектен бас тартып, досына бағыттауын өтінді. Оның айтуынша, құрбысын күйеуі тастап кеткен, артында 12 миллион теңге қарыз қалдырған. Қазір ол балаларымен бірге уақытша баспананы паналап жүр.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қазақстандықтар қарапайым сатушының адамгершілігіне тәнті болды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор