7858

Qazaqstan Investment Corporation Alem Ventures Fund венчурлық қорлар қорына қосылу туралы келісімге қол қойды

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC, «Байтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) және  Qazaqstan Venture Group Ltd.  басқарушы компаниясы«Alem Ventures Fund Limited Partnership» венчурлық қорлар қоры (бұдан әрі – Қорлар қоры) шеңберіндегі ынтымақтастық туралы жариялады.

Qazaqstan Investment Corporation Alem Ventures Fund венчурлық қорлар қорына қосылу туралы келісімге қол қойды
QIC Alem Ventures Fund

Қорлар қорының мақсатты мөлшері 1 млрд АҚШ долларын құрайды. QIC қорға 30 млн АҚШ долларын салады деп күтіледі. Қаражат Қазақстанның, Орталық Азияның, Кавказдың IT-секторларындағы және басқа да перспективалы жаһандық нарықтардағы жобаларды қолдауға бағытталатын болады.

QIC-тің Қорлар қорына әлеуетті қатысуы Қазақстанның венчурлік нарығын одан әрі дамыту және оның әлемдік аренадағы позициясын нығайту үшін маңызды қадам болады.

Ынтымақтастық  жаһандық қорлардың назарын перспективті өңірлік стартаптарға тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды масштабтауға және одан кейінгі табысты түсімдерге ықпал ететін болады.

«Alem Ventures Fund Limited Partnership»  венчурлық қорлар қорын құру Мемлекет Басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейінде қолдау тапты.

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты»  Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы:

«Инновациялық жобаларды іске қосудың негізгі көзі венчурлық қаржыландыру болуы тиіс», - деп атап өтті.

Осылайша, Қорлар қоры жаһандық қорлардың инвестицияларын қоса алғанда, жеке венчурлық капиталды тартудың катализаторы болуға арналған және ұлттық технологиялық экожүйені қалыптастыру мен дамытуда шешуші рөл атқарады.