Алматы әуежайында шетелдік жолаушы «сөмкемде бомба бар» деп әзілдеген

05.09.2025, 16:56
7570
Алматы әуежайында шетелдік жолаушы «сөмкемде бомба бар» деп әзілдеген NUR.KZ / Владимир Третьяков

Әзілқой жолаушы жазаланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы халықаралық әуежайында 2 қыркүйек күні ерекше оқиға тіркелді. Халықаралық рейске тіркеу кезінде көршілес елдің 18 жастағы азаматы багажында «атом бомбасы бар» деп қалжыңдаған.

Әзілдің соңы оның өзіне ауыр тиді. Жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматтардың тыныштығына қауіп төндіргені үшін «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктегі полиция департаменті мұндай жағдайлардың салдары ойлағаннан да ауыр болатынын атап өтті.

«Кейбір азаматтар орынсыз қалжыңның қаншалықты қауіпті екенін түсіне бермейді. Әуе және теміржол көлігінде кез келген қорқыту әрекеті қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді», – деді ведомство өкілдері.

Жыл басынан бері қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін пойыздар мен ұшақтардан барлығы 900 жолаушы түсірілген. Оның ішінде 489-ы – жолаушылар пойызынан, ал 411-і – әуе кемелерінен. Ең жиі кездесетін заңбұзушылықтарға алкогольдік ішімдік ішу, мас күйде жүру, ұсақ бұзақылық және көлік ішінде темекі шегу жатады.

Құзырлы орган көлік құралдарындағы кез келген тәртіпсіздік заңға сәйкес қатаң жазаланатынын ескертті.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті