469

Алматыда қаптың ішінен ер адам шықты: тұрғындар шошып, полиция шақырды

Балалар алаңында қаптан шыққан ер адамға айыппұл салынды.

Алматыда қаптың ішінен ер адам шықты: тұрғындар шошып, полиция шақырды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда көпқабатты үй ауласындағы орындық астынан қаптың ішінде жатқан ер адам табылды.

Жанынан өтіп бара жатқан тұрғындар алғашында қоқыс деп ойлаған. Алайда қап ішінен «Қыздар, кедергі келтіріп тұрмын ба? Кедергі болса, тепкілей беріңіздер» деген дауыс шыққан.

Белгілі болғандай, ер адамның жасы шамамен 35–45-те, дені сау. Қорыққан қыздар дереу полиция шақырған. 15 минуттан кейін оқиға орнына жеткен полицейлердің көзінше ол қаптан шығып қашпақ болған.

Куәгерлер бұл әрекетті «азғындық мақсатпен жасалған болуы мүмкін» деп алаңдаса, полиция ер адамды Алатау аудандық басқармаға жеткізгенін хабарлады. Оның айтуынша, ол қатты шаршағандықтан қаптың ішінде ұйықтап қалған. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған әкімшілік айыппұл салынды.

 

 

Материал авторы