SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайдың орталығында бетон плитасы жүк көлігінен түсіп кетіп, жол жиегінде тұрған Mercedes-ті басып қалды. Бұл туралы «Наша газета» жазды.
Оқиға Қайырбеков көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында болған. Полицияның мәліметінше, Scania маркалы жүк көлігінің жүргізушісі «Дөңгелек базары» ауданынан алынған бетон плиталарды тасымалдап келе жатқан. Көлік бұрылған сәтте плиталардың бірі сырғып түсіп, жол шетінде тұрған Mercedes-тің үстіне құлаған.
Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал жеңіл көлікке айтарлықтай зақым келген. Қазір оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Залал көлемі есептеліп, барлық мән-жай анықталған соң процессуалдық шешім қабылданады.
RUS