200

Астанада лифт ішінде қызды теуіп жіберген ер адам сотқа берілді

Полиция бейнебақылау жазбаларын зерделеп, әйелдің шағымынан кейін күдіктінің жеке басын анықтады.

Астанада лифт ішінде қызды теуіп жіберген ер адам сотқа берілді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада тұрғын қыздың лифт ішінде бейтаныс ер адамның тиісіп, кейін аяқпен соққы жасағанына шағымданған. Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Іс материалдары сотқа жолданды.

Астана тұрғынының айтуынша, ер адам оның соңынан тұрғын үйдің кіреберісіне дейін барған. Қыз бұған мән бермей, лифт есігін ер адамға ашып тұрған.

Алайда әйелдің сөзінше, лифт ішінде бейтаныс адам оған бірнеше рет қол тигізген. Ол ер адамнан өзін ұстамауды сұраған. Қыз лифттен шығып бара жатқан кезде ер адам оның артында тұрып, аяқпен соққы жасаған.

Кейін астаналық тұрғын бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап шыққан. Оның айтуынша, ер адам әдейі соңынан жүгіріп келіп, лифтке дейін барған.

Қыз әлеуметтік желідегі жазбасында ер адамның лифт батырмаларын агрессивті түрде басып, кейін өзіне екі рет қол тигізгенін айтқан. Ол бейтаныс адамға бірнеше рет өзін ұстамауды өтінгенін жеткізді.

Оның мәлімдеуінше, ер адам кейін әдейі артында тұрып, лифттен шығатын сәтін күткен және сол кезде аяқпен теуіп жіберген.

Полиция ер адамның жеке басын анықтап, оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Құжаттар соттың қарауына жіберілді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор