«Қатты өкіндім»: Тамара Асар өгей ұлының қазасынан кейінгі ішкі күйін айтты
Өнер иесі ауыр қазаның денсаулығына әсер етіп, кейін саясатқа араласуына түрткі болғанын мәлімдеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Тамара Асар бір жыл бұрын қайтыс болған өгей ұлы туралы алғаш рет ашық айтып, сол қазаға байланысты ішкі өкінішімен бөлісті. Өнер иесі балаға деген мейірімін жеткілікті көрсете алмадым ба деген ойдың өзіне ауыр тигенін айтты. Бұл туралы «Azamat Live» подкастына берген сұхбатында Тамара Асар мәлімдеді.
Әншінің сөзінше, ол ұл тәрбиесінде қаталдау болған. Баланы тым еркелетпей, қамқорлық пен сүйіспеншілікті ісімен көрсетуге бейім екенін айтты. Алайда өгей ұлынан айырылғаннан кейін бұл ұстанымына қайта қараған.
«Жалпы, «осылай істемедім» деген үлкен өкінішім жоқ. Бірақ былтыр сол баланы жоғалтқан кезде «аналық махаббатымды толық бере алмадым ба?» деп қатты өкіндім. Жалпы, ұл баланы еркелетпеймін, өзім қаттымын. Өз баламды да еркелетпейтін адаммын. Жақсы көретінімді білдіремін, қамқорлық танытамын, бірақ бетінен қақпай еркелетпеймін. Менен соны көре алмады ма деп өкіндім», – деді Тамара Асар.
Әнші бұл қазаға байланысты өзіне ауыр тиген сезімдер туралы да айтты. Оның сөзінше, болған жағдай денсаулығына кері әсер етіп, кейін саясатқа бет бұруына да себептердің бірі болған.
Материал авторы