Қостанай облысында 22 жастағы жігіт сегізінші қабаттан құлап кетті
Жігіттің құлауына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Лисаковск қаласында 22 жастағы жігіт көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлаған. Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы «Тобол Инфо» басылымы жазды.
Төтенше жағдай 14 тамызға қараған түні болған. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаменті мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары оқиғаның өзге мән-жайларын әзірге жариялаған жоқ. Полицияның мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр және іс құқық қорғау органдарының бақылауында.
Ведомство тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияламай отырғанын хабарлады.
Материал авторы