«Алғашқы қазақ»: Димаштың Нью-Йорктегі концерті аншлагпен өтті

06.10.2025, 10:10
9305
«Алғашқы қазақ»: Димаштың Нью-Йорктегі концерті аншлагпен өтті instagram.com/thegarden

Димаш өз әндерінен бөлек, Қазақстанның Әнұранын да шырқады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасы Димаш Құдайбергенді аншлагпен қарсы алды. Бұл — қазақ әртісінің аталған залда өткен алғашқы жеке концерті болды. Шоу 5 қазан күні Нью-Йоркте өтті және әншінің Stranger атты әлемдік турының ресми бастамасы саналады.

«Бұл — менің ғана емес, күллі еуразиялық мәдениет үшін маңызды сәт. Біз планетаның екінші жағында мәдени елші ретінде өнер көрсетіп тұрмыз», — деді Димаш концерт алдындағы сұхбатында.

Кеш барысында көрермендер оның ең танымал әндерін тыңдады: SOS d’un terrien en détresse, авторлық The Story of One Sky, сондай-ақ Грэмми иегері Уолтер Афанасьефф продюсерлік еткен Love’s Not Over Yetкомпозициясы орындалды.

Димаш өз сөзінде тыңдарманды тек вокалмен емес, жаңа музыкалық өңдеумен де таңғалдырғысы келгенін атап өтті. Әнші Stranger композициясында қазақтың қобызын және виолончелист Хаузердің партиясын біріктірген.

Madison Square Garden әлемдегі ең беделді сахналардың бірі саналады. Мұнда Майкл Джексон, Элвис Пресли, Бейонсе, Андреа Бочелли және The Beatles сияқты аңыз тұлғалар өнер көрсеткен.

Димаш үшін бұл Нью-Йорктегі екінші үлкен концерт — ол алғаш рет бұл қалада 2019 жылы өткен Arnau туры кезінде ән шырқаған.

«Алты жылдан кейін мен көрерменге жаңа эмоция, жаңа музыкалық бояу сыйлағым келді. Бірақ әр орындауымда ностальгия нотасы да қатар жүреді — ол менің барлық сахнама серік», — деді әнші.

Нью-Йорктегі бұл концерт Димаштың 2022 жылы Алматыда басталған әлемдік турының жалғасы болды. Бағдарлама үнемі жаңарып отырады: оған When I’ve Got You, Smoke, Fire сияқты жаңа әндер және Сәкен Сейфуллиннің сөзіне жазылған туындылар мен халықаралық дуэттер енгізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің дауысы 2026 жылғы Олимпиада ойындарында естілетіні хабарланған еді — мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров өз еркін бағдарламасына Димаштың The Diva Danceкомпозициясын таңдаған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады