Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік пен шаңды дауыл күтіледі

09.10.2025, 09:10
4566
Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік пен шаңды дауыл күтіледі Getty Images

Қазгидромет болжамын жария етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 9–10 қазан күндері еліміздің бірнеше облысында ауа райының күрт өзгеретіні туралы ескерту жариялады.

Алматы облысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында 8–9 қазанда түнгі уақытта 1–6 градус үсік күтіледі, ал Талдықорғанда ауа температурасы 3–5 градусқа дейін төмендейді.

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында да үсік пен тұман болжануда. Кей жерлерде желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан мен Қызылорда облыстарында 9 қазанда шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында да жел күшейіп, төтенше өрт қаупі сақталады. Ал Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл мен қатты жел күтіледі.

Сондай-ақ Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көріну қашықтығы шектеледі.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 8–9 қазан аралығында екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар сақталатыны ескертілді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды