Бұдан былай Қытай шекарасында жүк көліктері 72 сағаттан артық аялдамайды - Бас прокуратура

06.04.2023, 12:41
513
Бұдан былай Қытай шекарасында жүк көліктері 72 сағаттан артық аялдамайды - Бас прокуратура Sn.kz

Жүк тасымалдаушылар ҚХР-мен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінде электрондық кезекті ұзақ күтуге, сондай-ақ олар басқа да мәселелерге наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ахуалды шешу мақсатында Бас көлік прокуратурасы ведомствоаралық жұмыс тобын құрды, оның құрамына ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің және «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері кірді.

24-31 наурыз аралығында ведомствоаралық жұмыс тобы «Нұр Жолы» өткізу пунктіне барып, жүк тасымалдаушылармен, мемлекеттік және уәкілетті органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

Проблемалық мәселелердің туындау себептері анықталып, адал жүк тасымалдаушылардың құқықтарын қорғауға және электрондық кезек процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шаралар қабылданды.

Анықталғандай, шекара маңындағы дүрбелең «E-border» бағдарламасы жұмыс алгоритмінің жетіксіздігінен орын алған. Бағдарлама жеңіл және ауыл шаруашылығы автокөліктерінің, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін ҚХР-на шығуға иелерінің мақсаты болмаған автобустардың тіркеу деректерін пайдалану арқылы кезек орындарын «броньдауға» мүмкіндік берді.

Мөлшерлемесі 40 мың АҚШ долларына дейін жеткен жүк тасымалдау бойынша «көлеңкелі қызмет көрсету нарығының» белсенділігімен бұл жағдай күрделене түсті.

Жұмыс тобының ұсынысымен кезектен 2000-ға жуық автокөлік алынып тасталды, оның ішінде жеңіл, сондай-ақ бұрын есептен алынған не есепте тұрмағандары бар. «E-border» бойынша тізімді пайдалануды 16 сәуірден тоқтату туралы шешім қабылданды.

«CarGoRuqsat» жаңа электрондық кезек жүйесінде бұл олқылықтар ішкі істер органдарының дерекқорларымен интеграциялау арқылы ескерілді. Бұл кезектілікпен байланысты алыпсатарлық жасау мүмкіндігін жояды.

Сондай-ақ, өткізу пунктінің аумағында қалдырып кеткен 80-ге жуық ауыр жүк көліктері болды, олардың жүргізушілері тасымалдау қызметтерінің құнын жасанды түрде қымбаттату үшін қасақана ұзақ уақыт бойы ҚХР-ға шығуды кешіктірген.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында, Технологиялық схемаға түзетулер жобасы дайындалды, оған сәйкес жүк тасымалдаушылар бұдан былай өткізу пунктінің аумағында 72 сағаттан артық болмауы тиіс.

Сонымен қатар, ҚХР-ға виза алудың қиындығына қатысты шағымдар болды. Жүргізушілердің көпшілігінде виза жоқ және тиісті визасы бар басқа жүргізушілермен белгіленген қаражатқа келісуге мәжбүр болуда.

Бас көлік прокуратурасы Сыртқы істер министрлігіне виза алу тәртібі мен шарттарын кеңінен жариялауды, сондай-ақ қажет болған жағдайда осы мәселе бойынша жүк тасымалдаушылармен көшпелі кездесулер өткізуді ұсынды.

Одан бөлек, жүктерді тасымалдауға халықаралық рұқсат алуда қиындықтар болған. Бас көлік прокуратурасының бастамасымен рұқсатты тікелей өткізу пунктінде беруді, сондай-ақ жүк тасымалдаушылар үшін артық талаптарды алып тастауды көздейтін ИИДМ мен МКК бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Аталған өткізу пунктіндегі ахуалды мониторингілеу жалғасуда.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады