Барселона көшелерінде Димаш Құдайберген бейнеленген автобустар жүріп жатыр
Ең көп жолаушы таситын автобустар Димашты жарнамалап жүр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 8 қарашада Барселонадағы Олимпиадалық Бадалона аренасында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне орай Испаниядағы тыңдармандары арнайы жарнама науқанын бастады. Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды.
6 қазаннан бастап қала көшелерінде Димаштың суреті мен концерті жайлы ақпарат бейнеленген автобустар қатынап жүр. Жарнама 9 қарашаға дейін В24 және В25 бағыттарында орналастырылады — бұл Барселонадағы ең көп жолаушы тасымалдайтын бағыттардың бірі.
Автобустардың бірі концерт өтетін Олимпиадалық аренаның алдынан өтсе, екіншісі ірі Magic сауда орталығының жанынан қатынайды. Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтарының мыңдағаны күн сайын қазақ әншісінің бейнесін көре алады.
«Димаштың бейнесі енді Барселона көшелерімен “жүріп өтетініне” қуаныштымыз. Бұл жобаға үлес қосқан барлық адамға алғыс айтамыз», – деп жазды Испаниядағы Димаштың фан-клубы.
Материал авторы