1569

АҚШ-та ауыр жарақат алған дзюдошы Жасұлан Жұмағали алғаш рет үн қатты (ВИДЕО)

Жарыс кезінде ауыр жарақат алған отандасымыздың операциясына халық ақша жинап, қолдау көрсеткен еді.

АҚШ-та ауыр жарақат алған дзюдошы Жасұлан Жұмағали алғаш рет үн қатты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-та жарыс кезінде мойын омыртқасын сындырып, ауыр жарақат алған қазақстандық спортшы Жасұлан Жұмағали өзінің қазіргі жағдайы жайлы айтты.

«Уайымдап, амандығымды сұрап жатқан бауырларымның барына шүкір! Бұл да Алланың мейірімі деп білемін. Қазір отбасымызбен Колорадо штатының Денвер қаласына уақытша көштік. Мұнда жұлын жарақаттарын емдеуге маманданған орталықта ем қабылдап жатырмын.

Біртіндеп технологияны меңгеріп, Instagram парақшамды өзім жүргізіп жатырмын. Барлық хаттарыңызды оқып отырмын. Сіздерге Алла разы болсын!», — деп жазды спортшы әлеуметтік желіде.

Еске салайық, АҚШ-та тұратын жерлесіміз Жасұлан Жұмағали дзюдо жарысы кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен болатын. Ол мойын омыртқасын сындырып, жедел түрде операция жасатты.

Айта кетейік, жарақатқа дейін Жасұлан Сан-Диегода өткен California State Games жарысында тоғыз кездесу өткізіп, 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алған еді. Бұл жетістігін спортшы әлеуметтік желіде бөлісіп, достары мен жанкүйерлерінен құттықтау алған. Алайда көп ұзамай жарыс кезінде қайғылы жағдай болған.

Материал авторы