«Көк-сары пакеттің» дауынан соң халық Тиматидің де концертін өткізуге қарсы шықты

29.10.2025, 14:11
552
«Көк-сары пакеттің» дауынан соң халық Тиматидің де концертін өткізуге қарсы шықты SMARTNEWS.KZ коллажы

Көпшілік Тиматиді ресейлік агрессияны қолдаушы деп айыптады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік әнші Акмальдің даулы сөзі мен Полина Гагаринаның гастролі тоқтатылғаннан кейін, қоғам назары енді Тиматиге ауысты.

Бұған дейін Петропавлда өткен концертінде Акмаль «Пакетик этот сожгите, цвета мне не нравятся» деп, сары-көк түсті пакетті жақтырмайтынын айтқан болатын. Бұл түс — Қазақстан туының реңктерімен сәйкес келетіндіктен, оның сөзі әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызды. Кейіннен елдегі барлық концерті жойылды.

Полина Гагаринаның да 27 қарашаға жоспарланған Астанадағы концерті болмайтын болды. Себебі әнші Ресейдің саясатын ашық қолдайтыны үшін сынға ұшырады.

Енді қазақстандықтар Тиматидің елге келуіне қарсы шығып отыр. Рэпер қараша айында екі концерт өткізуді жоспарлаған:
27 қараша — Алматы (Almaty Arena),
28 қараша — Астана.

Тимати бұған дейін қазақстандық тыңдармандарына бейнеүндеу жолдап, былай деген:

«Ассаламу алейкум, Қазақстан! Жеті жыл бойы сіздерде болмадым, бірақ қарашада бұны түзейміз. Концерт шынымен мықты болады. Көріскенше!»

Алайда желі қолданушылары мен белсенділер мұнымен келіспей, Тиматидің концерттерін болдырмауды талап еткен петиция жариялаған. Мәтінде былай делінген:

«Біз, Қазақстан азаматтары, оның елге келуіне қарсымыз. Қазақстан Украина аумағының тұтастығын қолдайды әрі әскери қақтығыстарда бейтарап ұстанымда».

Белсенділер рэпердің Ресейдің соғыс саясатын қолдайтын мәлімдемелерін мысалға келтіріп, мұндай әртістердің елімізде сахнаға шығуы дұрыс емес деп санайды.

Алайда бұл петиция модерациядан өтпеген.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады