596

Психикалық есепте тұрған ер адам өз анасын өлтірді

41 жастағы күдікті ұсталды.

Психикалық есепте тұрған ер адам өз анасын өлтірді
dreamstime.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда анасының өліміне қатысты 41 жастағы ер адам ұсталды. Ол марқұмның туған ұлы болып шықты.

Қанды оқиға 30 қазан күні қаладағы Дунаевский көшесінде болған. Таңертең әлеуметтік желілерде ер адамның өз анасын өлтіргені туралы ақпарат тараған еді.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл деректі растады.

«Адам өлтіру фактісі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті – 41 жастағы марқұмның ұлы, ол Психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Қазір ол ұсталды. Өзге мән-жайлар анықталуда», – деп хабарлады ведомство.

Материал авторы