936

4 қарашада Қазақстанды жаңбыр мен қар басады

Қазгидромет дауылды ескерту жариялады.

4 қарашада Қазақстанды жаңбыр мен қар басады
freepik

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет 4 қарашада Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын күтілетінін жеткізді. Солтүстікте түнде, орталықта күндіз қар, оңтүстікте және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда қар мен жаңбыр жауады.

Тек батыс аймақтарда жауын-шашын болмайды. Елдің кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түседі, мұз бен тайғақ жолдар сақталады.

Қауіп деңгейі бойынша: Жамбылдың батысы, Алматының батысы, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығы, сондай-ақ батыс пен орталық өңірлерде өрт қаупі жоғары. Қызылорда, Жамбылдың солтүстігі мен Алматы облысының солтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Материал авторы