«Палау үшін тапталу»: тегін асқа таласу бізді қай деңгейге түсірді?
Тегін тамаққа талас неге ұлттық «спортқа» айналып барады?
Соңғы уақытта Қазақстанда тегін ас таратылған шаралар көп жағдайда дүрлікпеге айналып, полиция араласатын жағдай қалыптасып барады. Бір тілім пирог пен бір табақ палау үшін халықтың бір-бірін итеріп, баланың жылап, кәсіпкерлердің кешірім сұрауына дейін жететін көріністер жиілеп кетті.
Қазақстанда тегін тамақ тарату акциялары халықтың әлеуметтік ахуалын емес, мінезі мен мәдениетін көрсететін барометрге айналды. «Тегін» деген сөз жазылса болды, жұрт жаппай ағылып, кейде қауіпсіздік талаптары аяқасты қалады.
Алатаудағы пирог дауы
Жуырда Алматы облысы Алатау қаласында жаңа ашылған қоғамдық тамақтану орны тегін пирог таратамын деп, плансыз дүрлікті ұйымдастырды. Әлеуметтік желіге тараған жарнамаға сенген тұрғындар жексенбі күні таңнан-ақ кезекке тұрған.
Алайда кішкентай аумақта мыңдаған адам жиналып, жаппай итеріс басталды. Балалар жылады, бірнеше адам қысылып қалған. Оқиға орнына полиция шақырылып, акция тоқтатылды.
Кәсіпкер рұқсатсыз акция өткізгені үшін айыппұл арқалады.
Ақтауда — донер мен сушиге талас
Бұған дейін Ақтауда тегін донер тарату да хаосқа айналған. Халық қақ айрылып, кезексіз алмақ болғандар төбелес шығара жаздады. Кейін кәсіпкер кешірім сұрауға мәжбүр болды.
Сол қалада телеком компаниясының тегін наушник таратуы да тәртіпсіздікке ұласты.
Бірнеше бала тапталып жылап, олардың ата-аналары да компанияны жауапқа тартуды талап етті.
Жаңаөзен: смартфон үшін шу
Тегін смартфон тарату кезінде де адамдар бір-бірін итеріп, кезек таластырды.
Қауіпсіздік жоспары болмағаны үшін ұйымдастырушылар сынға қалды.
Ұлттық мерекелер де аман қалмады
Наурыз мерекесі мен Қала күндерінде тегін көже, бауырсақ, палау тарату жиі тәртіпсіздікпен аяқталады.
Қызылордада бірнеше жыл бұрын Наурызда екі тонна ет, бір тонна күріштен палау таратылғанда:
адамдар айқайға басты
аспаздың басына кәпкір тиген
20-ға жуық бала ата-анасынан ажырады
әйел полицейлер тәртіпке шақыруға мәжбүр болды
Жұртшылық бұл көріністі «ұжымдық ұят» деп сынаған.
Мамандар не дейді?
Әлеуметтанушылардың айтуынша, мұндай ахуал жоқшылық психологиясының көрінісі.
Экономикалық тұрғыдан аштық жоқ, бірақ:
«қалып қойып қалам» деген ішкі қорқыныш басым
«тегін» дегенді мүмкіндік емес, олжа деп қабылдау бар
ұят кодексі әлсіреген
Қауіпсіздік бірінші ме, пиар ма?
Сарапшылар акцияны дұрыс ұйымдастырмау — басты себептердің бірі екенін айтады.
Халық көп жиналатын іс-шараларда:
ауқым алдын ала есептелуі тиіс
полиция мен медицина қызметкерлері міндетті болуы керек
балаларға арналған қауіпсіз аймақ қарастырылуы шарт
Алайда кәсіпкерлер көбіне пиарды ойлап, осы талаптарды елемейді.
Тегін ас – мейірімның белгісі. Бірақ сол мейірім сақталу үшін — әдеп те, тәртіп те қатар жүруі керек.
Қоғам сүрініп жатқан сынақтың аты анық:
«Бір тілім үшін адамдықты жоғалтпайық».
Авторы Серік Алдан