1047

Алматыда қылмыстық топ серкесін атып өлтірген адам 17 жылдан соң Еуропада ұсталды

Күдікті шетелге қашып, аты-жөнін өзгертіп жасырынып жүрген.

Алматыда қылмыстық топ серкесін атып өлтірген адам 17 жылдан соң Еуропада ұсталды
Бас прокуратура

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 2008 жылы болған қылмыстық авторитеттің өліміне қатысы бар күдікті 17 жыл іздеуден кейін Еуропада қолға түсті. Ол Литва аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Ведомствоның мәліметінше, 2007 жылы күдікті сыбайласымен бірге Алматыға заңсыз жолмен табыс табу мақсатында келген. Алайда олардың қылмыстық әрекеті өзге топ мүшелерімен жанжалға ұласқан.

2008 жылғы 19 мамырда күдіктілер қарсыласын өз үйінің ауласында аңдып жүріп, бірнеше рет атқан. Соңғы оғынан кейін жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Қылмыстан кейін олардың бірі ұсталып, сотталған, ал екіншісі шетелге қашып кеткен.

Іздеуде жүрген ер адам аты-жөнін өзгертіп, 17 жыл бойы Еуропада жасырынып келген. 2025 жылдың тамызында Литва шекарасынан өткен сәтте ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Қолданыстағы заң бойынша оған 10 жылдан 25 жылға дейінгі немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Материал авторы