236

Астанада үстіне кондиционер блогы құлаған фельдшер көз жұмды

Небәрі 23 жастағы Ұлдана оқыс оқиғаның салдарынан қаза болды.

Астанада үстіне кондиционер блогы құлаған фельдшер көз жұмды
instagram.com/zeineladilet

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада көпқабатты үйдің қаптамасы мен кондиционер құрылғысының құлауы салдарынан ауыр жарақат алған жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан қайтыс болды. Қайғылы хабарды қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Ведомствоның мәліметінше, 8 қарашада тоғыз қабатты үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер бекітпесі опырылып түскен кезде бес адам жараланған. Ең ауыр жарақат алғандардың бірі — оқиға орнына көмекке келген 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан.

Ол сол күннен бастап жансақтау бөлімінде өте ауыр халде жатқан. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмекті көрсеткенімен, 18 қарашада жас маманның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Денсаулық сақтау басқармасы марқұмның отбасына көңіл айтты.

Туыстарының айтуынша, Улдана ең алдымен жараланғандарға жүгіріп барған. Сол сәтте оның үстіне кірпіш қаптама мен кондиционер бекітпелері құлаған.

Полиция осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 278-бабы («Сапасыз құрылыс») бойынша іс қозғады. Кейін тергеуге 306-бап («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстар мен қызметтер көрсету») қосылды. Бұған дейін үй тұрғындары ғимаратта жиі пайда болатын сызаттар мен техникалық ақаулар жайлы бірнеше рет шағымданғаны хабарланған.

Материал авторы