Қарағандылық әйел баласының қолын қайырып, байлап кеткен

19.11.2025, 10:10
277
Қарағандылық әйел баласының қолын қайырып, байлап кеткен suzyco / Getty Images

Әйелге қатысты сот шешім шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда төрт жасар баласына қатыгездік көрсеткен әйел сот шешімімен ата-ана құқығынан шектелді. Бала әкесімен бірге тұратын болды. Бұл шешім қылмыстық іс материалдары мен қорғаншылық органдарының қорытындысы негізінде қабылданған.

Бұған дейін сот баланың анасымен бірге тұратынын бекітіп, әкесіне алимент төлеу міндеттелген еді. Алайда әкесі кездесу кезінде баланың денесінен көгерген іздерді байқап, сараптама оның алған жарақатын «жеңіл зиян» деп бағалаған. Баланың дамуында кешігу, салмағы төмендеу және «педагогикалық қараусыздық» белгілері анықталды.

Кейін ер адам телефон арқылы баласының анасынан алынып, қатыгездікке байланысты балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылғанын білді. Тергеу дерегінше, анасы баласының қолын резеңкемен артына қайырып байлап, үйде жалғыз қалдырған. Ұзақ жылаған дауысты естіген көршілер есік көзінен қолы байланған, жүгіріп жүрген әрі жылап жүрген баланы көріп, дереу жедел қызметтерге хабар берген.

Әкесі кейін баласын ата-анасымен бірге тұратын кең алты бөлмелі үйіне әкеліп, өз қарауына алған. Сот ананы «ата-ана міндетін орындамау немесе тиісінше орындамау, кәмелетке толмағанға қатыгездік көрсету» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Тергеу баланың ауыр жағдайы дәл анасының қамқорлығында болған кезеңде туындағанын анықтады.

Әйелдің әрекетіне қатысты кері дәлел ұсынылмаған. Сот оның баланы жалғыз қалдырып, қолын байлағанын баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп деп бағалады.

Қорғаншылық органдары да баланың әкесімен тұруы оның мүддесіне сай келетінін атап өтті. Сот әкенің барлық талабын қанағаттандырды: баланың тұрғылықты жері әкесімен белгіленді, анасы ата-ана құқығын шектелді және алимент төлеуге міндеттелді. Әке бұрынғы алименттен босатылды.

Апелляциялық алқа бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады