Мүгедектігі бар балалар үшін ұшақ билеттері тегін болсын - депутат Ерлан Әбдиев

12.04.2023, 14:53
576
Мүгедектігі бар балалар үшін ұшақ билеттері тегін болсын -  депутат Ерлан Әбдиев Smartnews.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Әбдиев мүгедектігі бар жандарды жеңілдетілген әуе тасымалымен қамту мәселесін көтерді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Мемлекет басшысы елімізде инклюзивті қоғам құруға көп көңіл бөледі. Қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер бар. Бүгін менің Мәжілісте сөйлеп тұрғаным да – жүргізіліп жатқан реформалар жетістіктерінің бірі. Алайда, инклюзивті қоғам бір күнде құрылмайды. Инклюзия біздің өміріміздің барлық салаларына енуі үшін оған тек үкімет қана емес, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың барлық субъектілері де қатысуы керек. Оның ішінде жеке бизнес те бар.

Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдарды әуе көлігімен тасымалдауда қолжетімсіздік мәселесі кездеседі. Ұшаққа билет сатып алу мүмкін емес, жеңілдіктер және одан да бөлек тегін ұшу мүмкіндігі қарастырылмаған. Билет құны көбінесе бір айлық әлеуметтік төлем көлемінен асып кетеді», - деді Ерлан Әбдиев Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға сауал жолдай отырып.

Сондай-ақ, ол мүгедектігі бар жолаушылардың ұшу ақысына жеңілдік берілетін халықаралық тәжірибенің барын алға тартты.

«Шетелдік компания біздің нарыққа осындай жеңілдіктер пакетімен кірді. Бірақ, көп ұзамай ол басқа тасымалдаушыларға назар аудара отырып, саясатын өзгертіп жіберді.

Бүгінгі таңда елімізде І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардың саны – шамамен 340 мың және 80 мыңға жуық баланың мүгедектігі бар. Мемлекет субсидиялайтын біздің авиакомпанияларымыздың, инклюзивті қоғам құруға өз үлесін қосуға мүмкіндігі жоқ болғаны ма? Мәселе мүмкіндікте емес, мәселе үлес қосамын деген ниетте екеніне сенімдімін», - дейді ол.

Осылайша, Ерлан Әбдиев мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мен мобильділігін арттыру мақсатында ішкі әуе рейстеріне жеңілдіктер қарастыруды ұсынды:

- І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдіктер немесе арнайы тариф билет құнының 50% мөлшерінде болсын;

- Осы санаттағы адамдарға жылына бір рет, бір бағытқа ұшып бару және ұшып қайту тегін әуе қатынасымен қамтамасыз етілсін;

- Мүгедектігі бар балаларға әрқашан тегін рейстер жасалсын;

- Ұшу барысында сүйемелдеуді қажет еткен жағдайда, сүйемелдеуші адамдар үшін жеңілдетілген тариф көзделсін.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді