Алматыда ер адам балалардың жанжалына араласып, баланы теуіп жіберген (ВИДЕО)
Ата-ана әділ тергеуді талап етуде.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы «Каспий» тұрғын үй кешенінің ауласында ер адам балалар арасындағы жанжалға араласып, ұлын теуіп жібергені видеоға түсіп қалды. Бұл оқиғаға Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева пікір білдірді.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның баланы тікелей теуіп жатқан сәті көрінеді. Жәбірленушінің ата-анасы учаскелік полиция қызметкері оқиғаны емдеу шығындарын өтеп шешуді ұсынғанын айтса да, олар мұндай ұсыныстан бас тартып, толық және әділ тергеу жүргізуді талап етуде.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram парақшасында былай деп жазды:
«Алматыдағы балалар алаңында болған соққыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушіге барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға Алматы қаласы бойынша өңірлік уәкілдің бақылауында», - деді уәкіл.
Материал авторы