2841

Алматыда пәтер есігін өртеген ер адам бейнекамераға түсіп қалды (ВИДЕО)

Есікті өртеген күдікті ұсталды.

Алматыда пәтер есігін өртеген ер адам бейнекамераға түсіп қалды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы көпқабатты үйдің бір подъезінде белгісіз ер адам пәтердің есігін өртеуге әрекет жасаған сәт бейнебақылау камерасына жазылып қалды. Видео әлеуметтік желілерде тез тарады.

Кадрларда ер адамның пәтердің кіреберісіне өтіп, есіктің алдына жанғыш зат сепкені, от қойғаны және оқиға орнын дереу тастап шыққаны анық көрінеді.

Алатау ауданының тұрғыны оқиғаның кездейсоқ емес екенін айтып, полицияға арыз түсірген. Оның сөзінше, әрекет қасақана жасалған.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы жедел түрде қылмыстық іс қозғаған. Күдікті тұлға анықталып, ұсталды. Ол полицияға жеткізіліп, қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.

Құзырлы орган мұндай әрекеттер азаматтардың қауіпсіздігіне төнетін тікелей қатер екенін атап, жағдайдың барлық мән-жайы мен өрт қоюға итермелеген мотивтер анықталып жатқанын хабарлады.

Материал авторы