Түркия компаниясы Қазақстанда алтын кен орындарын іздеумен айналысады

13.04.2023, 11:36
429
Түркия компаниясы Қазақстанда алтын кен орындарын іздеумен айналысады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Түркияның тау-кен компаниялары геологиялық барлау бағытында бірлескен жобаны қолға алды. Бұл туралы smartnews.kz сайты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба мақсаты – пайдалы қазбалардың перспективалы орындарын анықтау.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Бақыт Шіршікбаев пен D Mineral директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Ильхан Пойраз бірлескен құжатқа қол қойды.

Геологиялық барлау жұмыстары сәтті жүзеге асырылғаннан кейін мүдделі тараптар бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.

photo

«Негізгі келісімге қол қойылғаннан кейін екі жақ геологиялық барлауға лицензия алып, бірлескен кәсіпорынды құру жөніндегі жоспарды жүзеге асыруға кіріспек. Осы ретте бірлесіп қолға алынған жоба алтын кен орындарын іздестіруге бағытталатынын айта кетейік. Геологиялық барлау жұмыстарына қаражат бөлуді түркиялық тарап өз жауапкершілігіне алғаны белгілі болды», - делінген ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Айта кетейік, D Mineral компаниясы Dimin Group (Түркия) холдингінің құрамына кіреді. Негізгі қызмет бағыты – темір кені мен мыс өндіру.

photo
«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды