Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 15 трлн теңгеден асты

13.04.2023, 15:35
566
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 15 трлн теңгеден асты smartnews.kz

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылар жинағының жалпы сомасы 15,1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ranking.kz порталының дерегінше, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі бірден 11,4 пайызға немесе 1,5 трлн теңгеге өсті. Көрсеткіштің өсуі жарналар түріндегі кіріс ағындары, сондай-ақ инвестициялық кіріс есебінен қалыптасты.

Жинақтардың өсуі жарналардың барлық түрлері бойынша байқалады. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналарыбойынша жинақ көлемі 11,1 пайызға артып, 14,7 трлн теңгеге жетті. Бұл қазақстандықтардың барлық жинақтарының 97 пайызын құрайды.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары бір жылда 21 пайызға артып, 466,4 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте ең көп өсім (2 еседен астам) 3,8 млрд теңгені құраған ерікті зейнетақы жарналары болды.

Өңірлер бойынша зейнетақы жинақтарының ең көп мөлшері Алматыда - 2,8 трлн теңге немесе республикадағы жалпы көлемнің 18,5 пайызы. Одан кейін Астана - 1,4 трлн теңге. Үздік үштікті Қарағанды облысы түйіндеді - 1,2 трлн теңге.

Зейнетақы жинақтарының көлемі бойынша көш бастаған бес аймаққа Шымкент (1,2 трлн теңге) қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы (832,5 млрд теңге) да кірді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді