313

Қазақстанда үш күнде іздеуде жүрген 12 адам ұсталды

Республикалық рейд барысында бірнеше қылмыс тіркелді.

Қазақстанда үш күнде іздеуде жүрген 12 адам ұсталды
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 және 13 желтоқсан аралығында ел аумағында «Құқықтық тәртіп» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өтті. Операцияны көліктегі полиция департаменті жүргізді.

Іс-шара барысында көлік полицейлері 13 қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты тіркеді. Оның 12-сі «ізін суытпай» ашылған. Жедел-іздестіру шаралары аясында құқық қорғау органдары іздеуде жүрген 12 адамды ұстады.

Жалпы 1245 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушылықтардың басым бөлігі қоғамдық орындарда тиісу деректерімен байланысты — 108 факт. Сонымен қатар, алкогольдік ішімдік ішу және мас күйінде қоғамдық орындарға шығу бойынша 96 құқықбұзушылық анықталды.

Полицейлер түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көлік нысандарында жүрген 24 кәмелетке толмаған баланы анықтады. Олардың 14-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сондай-ақ рейд кезінде көші-қон заңнамасын бұзу деректері де тіркелді. Нәтижесінде 49 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды.

Материал авторы