329

Қазақстан сарбаздары Скриптониттің әнін ерекше форматта орындады (ВИДЕО)

Әскери қызметшілердің бейнежазбасы желіде кең тарады.

Қазақстан сарбаздары Скриптониттің әнін ерекше форматта орындады (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Қарулы күштерінің бір ротасы әлеуметтік желі қолданушыларын тосын өнерімен таңғалдырды. Әскери қызметшілер әйгілі қазақстандық орындаушы Скриптониттің музыкалық композициясын ерекше форматта орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Бейнежазбада сарбаздар музыкалық нөмірді синхронды әрі қарқынды хореографиямен үйлестіріп, әскери тәртіп пен заманауи өнерді бір сахнада тоғыстырғаны көрінеді. Дәлдік пен үйлесімге құрылған қозғалыстар көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Видео әлеуметтік желілерде жылдам тарап, кең талқылауға түсті. Пікір қалдырғандардың басым бөлігі бұл нөмірдің ел армиясына деген мақтаныш сезімін оятқанын атап өтті.

«Бұл – елдің нағыз мақтанышы», «Қадамдары нақты, көрінісі керемет», «Өзім де кезінде осы бөлімде қызмет еткенмін», «Жарайсыңдар!» – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл көрініс бүгінгі қазақстандық әскери қызметшілердің тек жауынгерлік міндетпен шектелмей, шығармашылық тұрғыда да өзін көрсете алатынын айқын аңғартты. Қазіргі армия – тәртіп пен талантты қатар ұштастыра алған жаңа буынның келбеті.

Материал авторы