401

Жанель Мақажан төртінші сәбиін дүниеге әкелді (ФОТО)

Актриса өзінен 8 жас кіші жігітке күйеуге шыққан еді.

Жанель Мақажан төртінші сәбиін дүниеге әкелді (ФОТО)
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса әрі блогер Жанель Мақажан мен актер Абай Асылхан төртінші рет ата-ана атанды. Сүйінші жаңалықты жұлдызды жұп әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

Жанель Мақажан жазбада:

«Жарық дүниеге нұр болып келуіңмен, Асылхан Латиффа Абайқызы. Өмірің бақытқа, жүрегің мейірімге толы болсын, балапаным», – деп бөлісті.

Желі қолданушылары актрисаны құттықтап, ізгі тілектерін жолдады:

«Бауы берік болсын», «Керемет есім», «Тіл-көзден сақтасын», «Ғұмырлы болсын! Басында беселі бағы болсын» – деп жазғандар бар.

Еске салайық, актриса өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шығуына адамдардың қарсы болғанын айтқан еді. 

«Ата-аналары, достары, Instagram желісінде бәрі қарсы болды. Бірақ Абайдың бойында нағыз ер азаматқа тән қасиетті көрдім. Өзімнің, балаларымның өмірін Абайға сеніп тапсыра алатынымды түсіндім. Ол өте қатты қиналды, өйткені ең жақын адамдары қолдамады. Абай өзінің айтқанынан қайтпай, намазын оқып, Алладан сұрап, қосылдық», – дейді Жанель Мақажан. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор